Асқар Жұмаділдаев президентке қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты ойын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты

Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады.

Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.

Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.