Биыл Астанада 27 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Автор: Azattyq Rýhy

Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды

Фото: all.accor.com

Қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыныптарды толықтыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сынып оқушысын қабылдады: 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде.

«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бөлек барлық мектептер бірінші сыныпқа қабылдау емтиханынсыз қабылданады. Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы құжаттарды қабылдау аяқталды, қазіргі уақытта ата-аналар қағаз түрінде өтініш береді. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін қабылдау комиссиясы жұмыс істейді», – деді Қасымхан Сенғазыев.

Елордада жаңа оқу жылына 10, 11 (12) сыныптарға білім алушыларды қабылдау 15 тамызда аяқталды.