Биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз – Жеңіс Қасымбек

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды

Фото: inform.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысы басталатынын мәлім етті.

Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаланың тіршілігі тоқтаусыз жүру үшін бірқатар маңызды нысан саламыз. Олар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары, сондай-ақ құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтаймыз. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Қалада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады. Газ жылу станциялары мен ЖЭО-3-ті алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», деді елорда басшысы.

Оның сөзінше, мәселен газ жылу станциялары мен ЖЭО-3 осы жылыту маусымында 1100 Гкал/сағ жылу береді, бұл бізге профицитке шығуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар биыл үшінші газ жылу станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», деді әкім.