Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 79 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам тіркелді

25 наурыз сағат 09:40-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Оның ішінде: Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам. Бұл туралы ақпарат www.coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.

25 наурыздың таңындағы әлем бойынша жағдай:

  • Инфекция жұқтырғандар саны - 424 222 (тәулігіне +42935) адам.
  • Қаза тапқандар саны - 18 993 (+2430) адам,
  • Айыққандар - 105 806 (+5322) адам.