Москвин көшесінде алдын ала ақпарат бойынша кеңсе заттары, керек-жарақтар, ұялы телефон заттары бар қоймалар өртенген
Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барахолка аумағында шыққан ірі өрттің сөндірілгенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматыдағы қоймаларда шыққан ірі өрт 12:22-де жойылды, зардап шеккендер жоқ, өртсөндірушілер өрттің көршілес ғимараттарға таралуының алдын алды», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, өртті жоюға барлығы 120 адам мен ТЖД-ның 33 техникасы, сондай-ақ суды жеткізу үшін коммуналдық қызметтің 7 су тасымалдайтын көлігі мен Алматы қаласының Құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылған.