Германияда коронавирустан емделіп жатқан қазақстандық ауруханадан шығарылды – Абаев

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Германиядағы елшілік қызметкерінің әкесі 

Коронавирусты бірінші болып жұқтырған қазақстандық  Германияда емделіп жатқан. Ол үй карантиніне шығарылды, деп хабарлайды Ақпарт және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

«Германияда жатқан қазақстандық азаматтың жағдайы жақсы. Оны қазір ауруханадан шығарды. Қазір ол неміс дәрігерлерінің бақылауымен үй карантинінде. Венгриядағы азаматымыздың жағдайы да қанағаттанарлық. Біздің дипломаттар онымен де, дәрігерлермен де байланыста»,-деді ол.

БАҚ-та Германияда вирус жұқтырған Қазақстан азаматы Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев екені айтылған. Ол елшілікте жұмыс істейін ұлына барғанда қауіпті індет жұқтырды делінген.

Министрдің айтынша, коронавирусты елде жүріп жұқтырған азаматтардың саны –13, шетелден  жұқтырып келген адам саны – 29, олармен бір ұшақта болып, жұқтырғандар саны – 26 адам.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан