Кезекте 646 819 азамат тұр
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кімге беріледі және кезекке тұрғандарға қандай талаптар қойылады? Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Елімізде заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан мұқтаж азаматтарға төменгі пайызбен тұрғын үй беріледі. Мемлекеттік қордан тұрғын үйді алудың жалпы тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңмен реттеледі», - деді Бауыржан Қабдол ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Тұрғын үйді кезекке қоюды, шығаруды, беруді әкімдіктер жүзеге асырады. Мысалы, бүгінгі күні әкімдіктерде 646 819 азамат кезекте тұр.
Оларға қандай талаптар қойылады?