22 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізді
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 11.00-де Торайғыров – Бұқар жырау көшелерінің қиылысында «Лада гранта» маркалы автокөлігі велосипдешіні қағып өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Велосипедші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен кесіп өткен.
«Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды», – дейді департаментте.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясында шақырту 10.47-де келіп түскенін хабарлады. Фельдшерлер 6 минутта жетті. Зардап шеккен ер жігітті Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізді.