Ер адамға қатысты әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңнаманың бұзылуын болдырмау және адамдарды деструктивті діни ағымдардан қорғау бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар барысында Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері деструктивті діни ағымдардың бірінің ұстанушысының сот шешімін және атқарушылық құжатын орындамау фактісін анықтады.
Нәтижесінде 27 жастағы ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол сотпен кінәлі деп танылды.
Ер адамға қатысты әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды. Полицейлердің осы саладағы бұзушылықтарды ескерту және адамдарды деструктивті діни ағымдардың әсерінен қорғау жөніндегі күн сайынғы жұмысы жалғасып жатыр.