Павлодарда ер адам 15 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, 250 мың теңге ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

48 жастағы тұрғын ұсталды

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.

«Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды. ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады ІІМ.