Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті қайта есептеу жұмыстарын жүргізді
ШҚО-да 2022-2023 жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің деректері бойынша Халыққа қайтарылуға жататын сома 445 840 449 теңгені (ҚҚС есебімен) құрады, оның ішінде:
«Риддер ЖЭО» АҚ - 292 722 57 теңге;
«Өскемен жылу желілері» АҚ (есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар) - 128 394 227 теңге (қайта есептеу 2022 жылғы желтоқсанда жүргізілді);
«Барлық тұтынушылар үйге ортақ жылу есептеу құралдарын қолдануға көшкен сайын тұтынушы жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана ақы төлейтінін және тиісінше қайта есептеу өнімінде қажеттілік болмайтынын атап өту қажет», — деп толықтырды ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті.