Меркі тауларындағы өрт сөндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт сөндіруге 40,5 тонна су төгілді

2023 жылғы 7 тамызда сағат 7: 00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында 350 га алдын ала алаңда құраған шөп өрті сөндірілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Өртті сөндіру барысында жалпы әуеден 40,5 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, тығыз өскен қураған шөп пен өрт ошағына жетудің күрделілігімен, су көздерінің қашықтығымен және құбылмалы жел екпінінен қиындай түсті.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.