«Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға көтерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.

«Құрметті достар! «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен жақсы сүйінші хабар естіп, қуанып жазып отырмын. Жалақылары дүйсенбіден бастап 50%-ға көтеріліп түсіпті. Барлығы қуанып, рақметтерін айтып жазып жатыр, жалпы менің бірінші депутаттық сауалымның нәтижесі, оң шешімін тапқанына өте қуаныштымын. Барлықтарыңызға еңбектеріңізге жеңіс, сәттілік тілеймін. Елдің алғысына бөлене берейік», деп жазды ол.

Депутат осыған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мардымсыз еңбекақысы туралы мәселе көтерген еді.