Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен
2023 жылы 4 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп айыпталған блогер ісі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сот журналист Т-ның «YouTube» арнасында 2020 жылдың маусым айынан бастап ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтері бар бейнероликтер жариялағанын анықтады. 2023 жылы 7 желтоқсанда ЖШС заңгерінің барлық бейнероликті жою жөніндегі талаптарына ол қарсы талапты алға тартқан. Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен.
«Сотта Т-ның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалар, сараптама актілері, заттай дәлелдемелер арқылы дәлелденді», делінген сот хабарламасында.