Павлодарда итін көлігіне байлап тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Иттің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: Zakon.kz

Павлодарда итін көлігіне байлап тізгіндеген жүргізуші ұсталды, ол жоғалған итін үйіне апармақшы болған, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамызда Павлодар облысының Жаңауыл кентінде болған.

«Иесінің айтуынша, ит жоғалып кеткен. Оны бір айдан кейін ғана тапқан және үйіне апарғысы келген. Ит бой бермегендіктен азамат оны көліктің салонына отырғыза алмаған. Сондықтан итті көлікке байлап, үйіне жеткізген», делінген хабарламада.

Ит иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша ит иесі 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлеуге тиіс.