Олардың 20 пайызға жуығы басшылық қызметін атқарады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов мемлекеттік қызметтегі әйелдер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 3790 жеткен. Бұл қызметкерлердің 2582-сі әйел азаматтар. Ал басшылық лауазымда 509 әйел отыр»,- дейді Руслан Иманқұлов.
Айта кету керек, бұл жылы мемлекеттік қызметкерлердің 68 пайызы әйелдер болса, былтырғы жылғы статистикалық көрсеткіш 67 пайызды құрады.