Экологтар Екібастұз 1- МАЭС-ті жоспардан тыс тексереді

Автор: Azattyq Rýhy

Станцияда бұған дейін күл үйінділері бойынша тексеріс жүргізілген

Қала тұрғындары әлеуметттік желіде Екібастұз 1-МАЭС шаң-тозаңнан көрінбей кеткені туралы шағым жазған еді.  Облыстық экология департаменті бұл факт бойынша станцияда жоспардан тыс тексеріс өткізетін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кету керек, сәуір айында эколог мамандар Екібастұз 1-МАЭС күл үйінділерін шығару бойынша тексеріс жүргізген еді. Оның нәтижесінде 1 гектар алаңда күлді жағажайлардың тозаңдануы анықталды. Осы бұзушылық үшін кәсіпорынға 2, 3 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді.