Жамбыл облысында өртті сөндіру жалғасуда

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ тікұшағы тартылды

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруде жан-жақты көмек көрсетуде.

Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.

Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.