Суданның 20 милионнан астам халқы аштан қырылуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

4 миллиондай адам үйлерін тастап, елдің өзге аймақтарына көшсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан

Фото: yarnovosti.com

Суданның 20 милионнан астам тұрғынына азық-түлік жетіспей отыр. Бұл - ел халқының 40 пайызы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҰҰ-ның сарапшылары жуырда жариялаған баяндамасында осындай мәлімет келтірді. Ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалды. Қарулы қақтығыстар жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. 

4 миллиондай адам үйлерін тастап, елдің өзге аймақтарына көшсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан.

Биыл БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы Суданның бір жарым миллион тұрғынын қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.