Бір адам қайтыс болған
Таиландтың солтүстігінде бірнеше күн бойы толастамай жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Мэхонгсон өңірінде лай көшкіні 12 үйді басып қалды. Бір адамның опат болғаны туралы белгілі болды.
Жүзден аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны жолдарды шайып жіберіп, бірнеше елді мекен оқшауланып қалды.