Былтыр өндіріс 0,9 пайызға көп болған
2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).
«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.