Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 500-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар рейд барысында анықталды

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жол үстіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында мегаполис жолдарында үздіксіз рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір айда көлік терезесін күңгірттеген 522 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5 бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дер кезінде автокөлік иелерімен әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге терезенің жарық өткізу талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтап, жолда абай болуға шақырады.