Өрт 19:10-да оқшауланған
Қарағанды облысында найзағайдың салдарынан бірнеше жерде өрт шықты, оның ауданы нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2 тамызда сағат 15: 50-де Оскаров ауданындағы Жансары ауылында найзағайдың салдарынан үш жерде құрғақ шөп өртеніп, кейіннен «Бұйратау» МҰТП орман алаңына көшті.
Өрт 19:10-да оқшауланған.
Өрттің ауданы анықталып жатыр.
Оны сөндіруге ТЖД «Бұйратау» МҰТП, ҚР ТЖМ және ЕӨСЖ 52859 ә/б бөлімшелерінен 46 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылған.