Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды

Түркістан облысында 11 жасар жасөспірім зираттағы көктастарды бояп тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны зираттағы көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағаны туралы видео жариялады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Мұны 11 жастағы кентаулық жасөспірімнің істегені анықталды.

Жасөспірімнің үйі зираттың маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала зираттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамның көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан.

Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.