«Пышақпен қорқытқан»: Павлодарда жасөспірімдер төбелескен

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен баланың анасы «НеМолчиKZ» қорына жүгінген

Павлодарда бірнеше адам бір жасөспірімді ұрып, ақша бопсалап, пышақпен қорқытқаны туралы «НеМолчиKZ» қорының парақшасында жарияланды. 14 жасар ер баланың анасы полицияға барған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға екі жасөспірім арасында болғанын мәлімдеді.

«Биыл 26 маусым күні Павлодар қаласында 2008 және 2009 кәмелетке толмағандар арасында оқиға орын алды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша 14 жасар баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілді», – деп хабарлады департаментте. 

15 жасар баланың ата-анасына қатысты ӘҚБтК -нің 127-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) және ӘҚБтК -нің 435- бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар толтырылды. Шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ бопсалау фактісі шындыққа жанаспайды.