Алматыда видео үшін қарияны ұрған баланың кім екені анықталды
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Кадрларда жігіт ер адамды екі-үш рет жұдырықтағаны, кейін егде жастағы адам жерге отыра қалғаны көрінеді. Кейін видеодағы жігіт белгісіз біреуге қарап қуанып, кетіп қалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Желі қолданушылары видеоға ашық наразылықтарын білдірген. Пікір қалдырушылар жігітті тауып сазайын беру керегін айтады.
Ал Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тіркелген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2007 жылы туған Ж. ұсталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.