Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді

Бұған дейін балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан 12 адам ауруханаға жеткізілгені белгілі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бір бала қайтыс болды. Қайтыс болған жеткіншектің жасы 13-те. Ол жүрек және тыныс жеткіліксіздігінен көз жұмды.

Алты баланың жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы өте ауыр.

Министрдің айтуынша, балалар уланып, дем жетпеген. Сонымен қатар, ішек инфекцияларына тапсырылған алғашқы талдамалар теріс нәтиже көрсеткен.

Орталық басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді.