Орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді», - деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.
Бұған дейін дәрігерлер Қарағандыда жаппай уланған балалардың жағдайын айтқан еді.