Айдын Рахымбаев Hilton қонақ үйін карантин үшін босатып берді

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтанда стационарда карантинде жатқандар саны мыңнан асты

Белгілі бизнесмен бұл туралы Facebook парақшасында жазды.

«Жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсіне отырып , біз Хилтон қонақ үйімізді карантин кезінде ададарды орналастыру  үшін ұсынуға шешім қабылдадық. Команда  дәрігерлер және әкімдік штабымен бірге дайындалып жатыр. Әрине, көптеген тәуекелдер бар... Ел сен үшін не істей алатынын сұрамаңыз - сен ел үшін не істей аласың деп сұраңыз», - деп жазды ол.

Бүгін қалалық Денссаулық сақтау басқарамасы Нұр-Сұлтан әуежайына қонған 596 адам карантинге жабылғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Bi Group коронавируспен күреске қарсы 2 млн доллар бөлген.