$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2023, 16:13
Қоғам

ШҚО-да лайланған өзеннен сынақ алынды

«Қазмырыш» ЖШС-не қатысты Филиповка өзенінің ластану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру ашылды

ШҚО-да лайланған өзеннен сынақ алынды

2023 жылғы 27 шілдеде әлеуметтік желілердеШығыс Қазақстан облысының Филиповка өзенінің сүттіреңкке ие болып, ластануы туралы бейне жарияланды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Осы факті бойынша экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Риддер қаласы әкімдігі және «Қазмырыш» ЖШС РТКБК өкілдерінің қатысуымен комиссиялық сапар жүзеге асырылды.

Өзеннің ластануы "Қазмырыш" ЖШС Риддер таукен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпа құбырының жарылуы нәтижесінде пайда болды, нәтижесінде жер бедеріне пульпа төгіліп, кейін  өзенге түсті.

Экология департаментінің қызметкерлері химиялық талдау үшін су сынамаларынан іріктеу (ластану көзінен 500 метр жоғары және ластану көзінен 500 метр төмен) алды. 

«Қазіргі таңда сынама анықталу үстінде. Одан әрі ластануды жою мақсатында "Қазмырыш" ЖШС пульпа құбырларын босату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ластанған жер учаскесі техникамен жиналып, қолданыстағы қалдық қоймасына орналастырылды. Осы факті бойынша экология департаментімен "Қазмырыш" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру ашылды. Химиялық талдаулар және су объектісі мен балық ресурстарына келтірілген экологиялық залалды бағалау нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау үшін тексеру материалдарын полиция органдарына жіберу мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», - деп түйіндеді Экология министрлігінің мамандары.

 

Серіктес жаңалықтары