Ливан армиясының әскери қызметшілері лагерьге кіруді толығымен жауып тастады
Ливанның оңтүстігінде палестиналық босқындардың «Айн әл-Хилва» лагерінде Палестина ФАТХ қозғалысының содырлары мен экстремистік топтары мүшелері арасындағы қарулы қақтығыстарда кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Қақтығыстардан жаланғандар да бар. Оның ішінде екеуі бала. Жүздеген адам мешітте жасырынуға мәжбүр болды.
Ливан армиясының әскери қызметшілері өткізу пункттерінің бірінде миномет снаряды жарылғаннан кейін лагерьдің кіреберістерін толығымен жауып тастады, бір сарбаз жарылыстан жарақат алды.