Астанада алаяқ полицей шетелдікті бопсалады

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Polisia.kz

Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан Республикасының азаматынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткені анықталған. Полиция атын жамылған алаяқ талап еткен ақшасын алып жатқан жерде ұсталды.

ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.