Қарағанды облысында коронавирус симптомдарын онлайн тексеру ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Damumed көмегімен үйден шықпай-ақ дәрігердің кеңесін алуға болады

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы және ДАМУ Ақпараттық технологиялар орталығы компаниясы  «виртуалды патронаж» жобасын іске қосты. Мобильді қосымша COVID-19-ға тән симптомдарды қадағалауға көмектеседі, деп хабарлайды inkaraganda.kz.

«Damumed бағдарламасын Play Market немесе Apple Store арқылы тегін көшіріп алуға болады. Мобильді қосымшаның көмегімен әркім COVID-19-ға тән симптомдарға мониторинг жүргізе алады. Қосымша орнатқан адам күн сайын немесе күніне бірнеше рет шағын чек-парақты толтырып, өз жағдайын сипаттайды. Мұны балалар үшін де, қарт ата-аналар үшін де жасауға болады. Толтырылған чек-парақты учаскелік дәрігер мен Қарағанды облысының коронавирус жөніндегі штабының мамандары көреді. Дәрігер пациенттің симптомдарын зерттейді және шешім қабылдайды.  Оған қоңырау шалады немесе үйге келеді, - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қарағанды карантинге жабыла ма – Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы

«Виртуалды патронаж» үйден шықпауға көмектеседі. Егер сізде респираторлық ауру белгілері болса, жай ғана дәрігеріңізге мәлімет жіберіңіз.

Жобаның басты міндеттерінің бірі-COVID-19 бойынша қолайсыз жағдайы бар елдерден келген пациенттерді жедел бақылау және Қазақстан аумағы бойынша вирустың таралуына мониторин жасау. Қарағанды облысы өз тәжірибесімен бүкіл елмен бөлісуге дайын.