Көкшетауда кешенді тестілеуге жас жұбайлар келді

Автор: Azattyq Rýhy

Тест тапсыруға қалыңдық күйеу жігітімен келген

Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа-тұс келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев жазды.

«Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауға шешім қабылдаған бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін», - деді ол.