Полицияға 32 адам жеткізілген
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында өзара қарым-қатынасты айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді.
Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.
ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.