Жапа шеккендер жоқ
Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 1988 жылы салынған көппәтерлі бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып жанып, өрт ас үйге өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары дереу орнына жіберілді.
ГТҚҚ буынының көмегімен және құтқару қалпақшасын пайдалану арқылы төртінші және бесінші қабаттардан 5 адам түтін аймағынан құтқарылды. Тағы 5 адам өздігінен эвакуацияланды.
Тұрғындар өрт сөндірушілерге алғыс айтты.
«Өрт сөндірушілер 3 қабаттағы пәтердегі өртті сөндіру үшін жылдам әрекет етті. Кіреберістегі адамдарды бірден сыртқа шығарды. Себебі түтіннен шығу мүмкін болмаған еді. Жарық пен газды лезде сөндіріп, өртті ауыздықтады. Соның нәтижесінде ешкім жәбірленген жоқ», - деді олар.