Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды

Фото ашық дереккөзден

Абай облысында 9 жастағы қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр 9 жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды», - деп жазды «Не Молчи» қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрі Instagram желісіндегі парақшасында.

Ер адам жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы тамызда Үржар ауылында 9 жастағы қызды көршісі аяусыз зорлаған. Полицияға арызды баланың анасы жазған, ол іс жабылып қала ма деп қорыққан, өйткені оның айтуынша, күдіктінің туысы полицияда жұмыс істейді. Әйелдің айтуынша, көршісі 48 жаста, үйленген, балалары бар.