Ал оларға берілген несие көлемі 1 трлн 200 млрд теңгегеден асады
Елімізде несие алушылар да, олардың қарыз көлемі де күрт артты. Соңғы бір айдың өзінде 2 жарым млн қазақстандық банктен кредит алған. Бұл - рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Ал оларға берілген несие көлемі 1 трлн 200 млрд теңгегеден асады. Кепілсіз тұтынушылық кредит алушылар да көбейді. Олардың жалпы берешегі – 800 млрд теңгеге жеткен.
Сондай-ақ, қазақстандықтар 130 млрд теңгеге автонесие рәсімдеген. Data Hub сараптамалық орталығының зерттеуіне сүйенсек, мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.
Ал ипотекалық қарыз мөлшері соңғы айда керісінше азайып, 15 млн 400 мың теңгені құрады.