Алматының үш ауданы жарықсыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді

Алматының үш ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді. 

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандарын штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ретінде ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануын айтты.