Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін сақтаған
Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны «Қарасора-2023» профилактикалық шарасы кезінде қолға түскен. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ диванның астынан 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін сақтаған.
ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.