«Қыздың анасы арыз жазудан бас тартты»: полиция Қырғалыдағы оқиғаға түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған

Полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бейнежазбада әйел жеткіншектің аузы мен қолын байлап тастаған. Полицияның айтуынша, әйелдің жасы - 23-те.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген», дейді ведомство.

Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша («Өзінше билік ету») Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады», дейді полиция.