Бұл туралы қыз анасына айтқан
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысының Қарғалы ауылындағы қыз бала жайлы тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін.Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.