Жол апаты 18 шілде күні кешкісін Қонаев қаласына жақын жерде, Алматы-Талдықорған тас жолында болған
«Жетісу» мен «Бәйтерек» футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы Әлібек Батырбеков 26 жасында жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты 18 шілде күні кешкісін Қонаев қаласына жақын жерде, Алматы-Талдықорған тас жолында болған.
«26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тас жолдың 109-шақырымында рульге ие бола алмай, кедергіге соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды, екі жолаушы зардап шекті. Екі жолаушы да Қонаев ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Әлібек Батырбеков өмірінің соңғы жылдарында бапкерлікпен айналысқан.