Алдын ала мәлімет бойынша отқа оранған аумақ ауданы 850 гектарды құрайды
Шарбақты ауданына қарасты «Ертіс орманы» резерватындағы өрт бүгін, 16 шіледе сағат 14.14-те оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша отқа оранған аумақ ауданы 850 гектарды құрайды.
Өңірде құрғақ шөптің өртенгені туралы 14 шілдеде белгілі болды.
Жағдайды бақылау және бағалау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрі, облыс әкімі және төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнына ұшып барды.
Өрттің Ресей Федерациясының территориясына өту қаупі бары да хабарланған.
«Ертіс орманы» резерватындағы өртті сөндіруге үш өңірден көмек күші тартылды.