«Ертіс орманы» резерватындағы өрт 850 гектарды құрады

Автор: Azattyq Rýhy

Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді

Фото: inform.kz

«Ертіс орманы» резерватында өрт болып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, яғни 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманда өрт шығып, қою түтін байқалды.

Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады. 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт күшейіп барады.

«Ертіс орманы» резерватының ақпаратына сәйкес, әуеден барлау нәтижесінде өртенген аумақтың алдын ала ауданы 850 гектрады құрады.

Оқиға орнында 100-ден астам техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді.

Өртті сөндіруге Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.