Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді
«Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.
Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.