Сағат 14:26-да «102» кезекші пульті оқиға туралы хабар түскен
Қайғылы оқиға 7А шағынауданында болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
14 шілдеде Ақтаудың 7А шағынауданында жағалауда 23 жастағы ер адам батып кетті. Сағат 14:26-да «102» кезекші пульті оқиға туралы хабар түсті.
«Аталған факті қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірегей тіркеліміне 001 бабы бойынша («Адам өлімі») тіркелді. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде таратылмайды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.