Бір тәуліктен бері құтқарушылар 800 гектардан астам аумақты шарпыған өртті сөндіріп жатыр
Баянауыл ұлттық паркіндегі өртті сөндіруге 130 өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 шілде күні сағат 12.45-те Баянауыл ауданында Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта шамамен 800 гектар құрғақ шөп өртенді», - делінген хабарламада.
Өрт Долбинск орман шаруашылығының (115, 117, 118 орам) аумағына өтіп, ондағы тағы 20 гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 7 техникамен 27 құтқарушы, 13 техникамен орман шаруашылығының 40 қызметкері, ерікті өрт сөндіру жасағынан 11 техникамен 55 адам және жергілікті атқарушы органдардан 4 техникамен 8 адам жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, әсіресе орман және ауылшаруашылық жерлерінде мұқият болуға шақырды.