Оңтүстік Кореяда толассыз жауыннан жеті адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Бөгет шайылуынан орталық Гесан округінің 6400-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды

Фото. reuters.com

Оңтүстік Кореяда толассыз нөсерден жеті адам қаза тауып, мыңдағаны эвакуацияланды. Табиғи апаттар мен қауіпсіздік шаралары жөніндегі орталық штаб үш адамның жоғалып кеткенін және тағы жетеуі жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жұма күні Нонсан қаласындағы көшкіннен ғимарат опырылып, екі адам қаза тапты. Орталық Седжон қаласында көшкін салдарынан бір адам қаза тапты.

Оңтүстік-Шығыс Йонджу округінде және Орталық Чхонъян округінде тұрғын үйлер қирап, тағы үш адам қаза тапты. Зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

Бөгет шайылуынан орталық Гесан округінің 6400-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Бөгеттің жанында орналасқан көптеген ауылдар, сондай-ақ ауылдарды байланыстыратын жолдар мен көпірлер су астында қалды.

13 қала мен округтегі 1567 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ, қатты нөсер көшкінге ұласып, салдарынан Чонджуда пойыз рельстен шығып кетті. Машинист жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Бүкіл ел бойынша 13 қала мен округте электр қуаты сөніп қалды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кёнсан провинциясындағы Мунгён, Йонджу және Йечхонда 8300-ден астам үй жарықсыз отыр.