Балқашта жылан шаққан бала 22 күннен бері ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 22 маусымда болған

Жылан шағып алған бала Балқаш қаласынан Қарағанды балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол үш аптадан астам уақыт жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 маусымда болған.

Сағат 23:45-те Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасына сол қолын жылан шаққан бала жеткізілген.

Баланың жағдайының нашарлауына байланысты облыстық консилиум мен республикалық телемедицинаның ұсынысы бойынша ол Қарағанды қаласының көпсалалы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды.

«Бүгінгі таңда баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды, баланың өкпесі жасанды желдетуге қосылған, қазір ол реанимацияда. Барлық қажетті ем-дом жасалып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.